Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйесін Еуразиялық топ бағалайды

4 Қараша 2021, 10:45
1289
Бөлісу:
Ақшаны жылыстатуға қарсы жүйесін Еуразиялық топ бағалайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечинаның айтуынша, заң жобасы ақшаны жылыстату тәуекелдерін төмендетуге және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы ұлттық жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған.

2022 жылдың басында Қазақстанның қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы күрес жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкестігіне Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалауынан өтеді, – деді сенатор.

Ол теріс нәтиже 200-ден астам елді біріктіретін Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық әрекет жөніндегі жұмыс тобы – FATF мүшелері тарапынан экономикалық санкцияларға әкелуі мүмкін екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы