Қазақстаннан Үндістанға экспорт 26,7% өсті

18 Ақпан 2021, 15:22
1764
Бөлісу:
Қазақстаннан Үндістанға экспорт 26,7% өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 17 ақпанында онлайн-форматта Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Прабхат Кумардың Қазақстандағы миссиясы мерзімінің аяқталуына байланысты кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстандағы елші мырзаның қызметі кезеңіндегі бірлескен жұмыстың нәтижелерін талқылады.

Келіссөздер барысында өткен жылдың қыркүйек айында Cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының 7-отырысының сәтті өткізілуі атап өтілді. 

Сондай-ақ сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан Үкіметаралық комиссиясының 14-отырысына дайындық жұмыстары талқыланды. 

Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығы тараптар өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша өзара тиімді байланыстар серпінін қолдау үшін барлық күш-жігерін жұмсауының арқасында өрлемелі сызық бойынша дамуда.

Бұдан басқа Қазақстан мен Үндістан арасындағы 2020 жылғы тауар айналымының көлемі туралы айтқанда, біздің деректеріміз бойынша ол 2,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 27,3%-ға жоғары (1,9 млрд АҚШ доллар).

2020 жылы Қазақстаннан Үндістанға экспорт 26,7%-ға өсіп 2 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда көлемін қолдау және ұлғайту үшін қазақстандық сарапшылар Қазақстаннан Үндістан нарығына шығарылуы мүмкін әлеуетті тауарлардың тізбесін дайындады. Бұл жалпы сомаға алпыстан астам өнім атауы 271,4 млн АҚШ доллар кұрайды. Металлургия, тамақ, машина жасау, химия өнімдері салаларының өнімдерін, сондай-ақ құрылыс тауарларын және т. б. жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Қазахинвест» АҚ және үнді тарапымен бірлесіп өткізілген семинар талқыланды. 

Кездесу соңында вице-министр елші мырзаның қызмет атқарған кезеңіндегі тиімді қызметі үшін алғысын білдіріп, оның түрлі салалардағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығына қосқан үлесін жоғары бағалады және оған алдағы еңбек жолында табыс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы