Қазақстанға өткен тәулікте шетелден 4 980 адам ұшып келді

30 Мамыр 2021, 11:36
3100
Бөлісу:
Қазақстанға өткен тәулікте шетелден 4 980 адам ұшып келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 29 мамырында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.


2021 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Катар, БАӘ, Египет, Армения, Тәжікстан, Түркия, Грузия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 980 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 3 020 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 144 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 298 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 193 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 0 жолаушы;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы.



Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы