Қазақстанға қоныс аударуға бел буған қандастар үшін жаңа сайт іске қосылды

25 Мамыр 2021, 18:08
1637
Бөлісу:
Қазақстанға қоныс аударуға бел буған қандастар үшін жаңа сайт іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 25 мамыр күні сағат 15:00-де «Отандастар қоры» КЕАҚ әзірлеген www.erulik.kz веб-платформасының тұсаукесері өтті. 

«Отандастар қоры» КеАҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараның мақсаты – шетелдегі қазақ қауымдастығына жаңа ашылған сайтты жан-жақты таныстыру.

Erulik.kz дегеніміз – Отанына қоныс аударуға бел буған қандастарға арналған веб-платформа.

Қазақстанға қоныс аударуға бел буған қандастар үшін жаңа сайт іске қосылды

Сайттың басты мақсаты – Қазақстанға көшіп келуге шешім қабылдаған қандастарға басымдыққа ие 5 облыстың (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен таныстыру және қоныс аударуға қолайлы елді мекендерді таңдауға мүмкіндік ұсыну.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен әзірленген веб-платформа арқылы Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған кез келген қандасымызға орналасқысы келетін елді мекенге қатысты 21 көрсеткіш бойынша жан-жақты ақпарат ала алады. Атап айтқанда, сайтта елді мекендердегі бос тұрғын-жайлар, инфрақұрылым, әлеуметтік мекемелер, экономикалық әлеует туралы толыққанды ақпарат бар, сондай-ақ аймаққа фото шолу жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұсынылатын болады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көшіп келген сәттен бастап көші-қон үрдісінде талап етілетін құжаттар, бейімдеу, балаларды балабақшаға, мектепке орналастыру, медициналық қызметтерді алу, тіпті кәсіпкерлік бастаудың оңтайлы тетіктері бойынша ақпарат беріледі.


Өзгелердің жаңалығы