Қазақстандықтардың белсенділігі жоғары – Эстониядан келген байқаушы

10 Қаңтар 2021, 16:01
1512
Бөлісу:
Қазақстандықтардың белсенділігі жоғары – Эстониядан келген байқаушы
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстония Парламентінің депутаттары Михаил Корб пен Игорь Кравченко Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан сайлау тәртібіне баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Эстония Парламентінің депутаты, Қазақстандағы шетелдік бақылаушы Михаил Корб ол сайлаудың өтуін позитивпен бағалады.

корб2.jpeg

Біз таңнан бері Қазақстан астанасының 5 сайлау учаскесінде болдық. Бұл біздің Қазақстандағы сайлаудың жалпы қалай өтіп жатқанын түсінуімізге мүмкіндік берді. Кезекке тұрған халықтың қарасын көріп, белсенділікті байқадық. Эпидахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталып жатыр. Әр учаскеде сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, әлеуметтік ара-қашықтық сақталған, - деді ол.
Ал эстониялық тағы бір байқаушы Игорь Кравченко сағат 11-де учаскелердегі бюллетень салынған жәшіктердің толық екенін айтты.

корб1.jpeg
Біздің Эстония халқының сайлаудағы белсенділігі Қазақстандағыдай емес екен. Күндіз сағат 11.00-де бюллетень жәшіктері орта емес, толып тұрды. Ал халық өз кезегін күтіп тұр. Әр учаскедегі байқаушылардың да жұмыстарын мұқият атқарып отырғанын көрдік. Әр сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері мен комиссия жетекшілері ашық, кез келген сұраққа жауап береді. Барлық қазақстандықты демократиялық формада азаматтық позициясын білдіруге мүмкіндік берілген күнімен құттықтаймын, - деді халықаралық бақылаушы Кравченко. 
Журналистердің Эстония мен Қазақстанның сайлау өту тәртібін салыстыру туралы сұрағына жауап беру кезінде Михаил Корб территориялдық айырмашылықты айтты.

корб4.jpeg
Эстонияның жер аумағы шағын ғана. Мұнда 1,4 млн ғана халық шоғырланған. Бүкіл Эстонияның халық саны Нұр-Сұлтан тұрғындарының санына жетпейді. Эстония Парламентінде 5 партия бар. Барлығы 101 депутат бар. Мен жетекшілік ететін партиядан 22 депутат сайланған. Мен Эстония астанасында таңертең жиын өткізсем, кешке басқа елдің шетіндегі өңірде 250 км қашықтықта орналасқан елді-мекенге барып жиын өткізе алам. Ерекшелікке келер болсам, Эстонияда сайлау учаскелері сауда орындарында орналасады. Қазақстанда мұны байқамадым. Бизнес өкілдері сайлауға белсенді қатысады. Сонымен қатар халықтың 30 пайызы онлайн форматта дауыс береді. Мұндай әдіс 10 жылдан бері қолданылып келеді. Ал Қазақстанда сайлаушылар бюллетеньмен дәстүрлі форматта дауыс беруді таңдайтынын байқадық. Бүгінгідей эпидахуалда онлайн форматта дауыс беру тиімді. Бірақ қандай форматта дауыс беретінін қоғам өзі таңдайды, - деді ол.
корб3.jpeg

 Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Мәжіліске 5 партиядан барлығы 312 кандидат, оның ішінде: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан 19; «Nur Otan» партиясынан 126; «ADAL» саяси партиясынан 16; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан 38 және «Қазақстанның Халық партиясынан» 113 адам бар. Ал жергілікті мәслихаттарға 832, оның ішінде «Ауыл» ХДПП-нан – 158, «Nur Otan» партиясынан - 216, «ADAL» СП-нан – 215, «Ақ жол» ҚДП-нан – 174, «Қазақстан Халық партиясынан» 69 партиялық тізім тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы