Қазақстандықтар пара биден әлем чемпионатында 4 жүлде алды

3 Желтоқсан 2019, 16:13
7435
Бөлісу:
Қазақстандықтар пара биден әлем чемпионатында 4 жүлде алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пара биден кезекті әлем чемпионаты Германияның Бонн қаласында өтті.

Пара биден әлем чемпионаты Германиядағы Бонн қаласында 29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін аралығында өтті. Оған 26 мемлекеттен 225 спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 19 адам қатысты. 

пара1.jpg

Қазақстандық спортшылар пара биден әлем чемпионатында 4 қола жеңіп алды:

1. Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова – 3-орын (Combi Freestyle 1)
2. Ермек Қалымбетов пен Кулшум Аталықова – 3-орын (Combi Freestyle) 
3. Ардақ Оторбаев – 3-орын (Men’s Single Class 1)
4. Ардақ Оторбаев пен Қарлығаш Сасембаева – 3-орын (Duo Class 1)

пара2.jpg

Айта кетсек, 2017 жылы Қарлығаш Сарсембаева пара биден әлем чемпионатында (Бельгия) 1-орын алып, Қазақстаннан тұңғыш чемпион атанды. 2018 жылы Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова пара биден Әлем кубогында (Словакия) 1-орын алды.

пара3.jpg

пара4.jpg


Өзгелердің жаңалығы