Қазақстандықтар отандық вакцинаны сәуірдің соңында алады

31 Наурыз 2021, 18:46
1464
Бөлісу:
Қазақстандықтар отандық вакцинаны сәуірдің соңында алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Qazcovid-in қазақстандық вакцинасы туралы» тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг кезінде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

Қазақстандықтар отандық вакцинаны 2021 жылдың сәуір айының соңында алады. Яғни халықты жаппай вакцинациялау басталады, - деді Күнсұлу Закария.

Спикер сынақтардың үшінші кезеңін аяқтау бойынша жұмыстар 9 шілдеге дейін қатар жүргізілетінін айтты. 

Айта кету керек, отандық ғалымдар әзірлеген QazCovid-in коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңі өтіп жатыр. Зерттеу жұмыстарының алғашқы екі кезеңі 2020 жылдың қараша айында аяқталды. Оған 200-ден астам қазақстандық қатысты. Клиникалық зерттеулердің алғашқы екі фазасының нәтижелері QazCovid-in инактивтендірілген вакцинасының қауіпсіз екенін, сондай-ақ антиденелер қалыптастырып, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайтынын көрсетті. 

Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Оған 3 мың ерікті қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы