Қазақстандықтар LED-экран арқылы Кореяға алғыс айтты

11 Желтоқсан 2020, 20:17
1243
Бөлісу:
Қазақстандықтар LED-экран арқылы Кореяға алғыс айтты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстан темір жолы» ғимаратында «Рақмет Корея» алғыс бейнеролигі көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігінде Оңтүстік Корея Үкіметі Қазақстан Республикасына 375 мың АҚШ доллары көлемінде жіберген гуманитарлық көмекті салтанатты түрде табыстаған болатын.


Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан темір жолы» ғимаратында 11 желтоқсанынан бастап 3 күн қатарынан Корей халықаралық ынтымақтастық агенттігінің түлектер қауымдастығы (KOICA) мен Корея достарының («Friends of Korea») алғысымен бейнеролик көрсетіледі, - делінген елшілік ақпаратында.

Айта кетейік, бейненің көрсетілімі бүгінгі Корея Үкіметі жіберген гуманитарлық көмекке алғыс ретінде көрсетіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы