Қазақстандық жастар Елбасы медалімен марапатталды

19 Наурыз 2021, 18:20
2343
Бөлісу:
Қазақстандық жастар Елбасы медалімен марапатталды
VIDEO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде жастарды Елбасы медалімен мараппаттауға арналған салтанатты іс-шаралар өтуде. Жалпы саны бойынша 384 жеңімпазбен Алматы және 340 жеңімпазбан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр.

 

Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда 165 қатысушы жеңімпаз атанды. 6 ай бойы өзін-өзі дамытумен айналысқан жастарды марапаттау Оқушылар сарайында өтті. 

«Елбасы медалі» - еліміздегі ең ауқымды challenge, оған қатысуға 14-29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Қатысушылар қола, күміс немесе алтын деңгейді таңдап, 6 айдан 18 айға дейінгі бағдарлама талаптарын орындауы керек. Осы уақыт аралығында олар өз дағдыларын 7 бағытта дамытады. Атап айтқанда спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі. 

Осынау жобаға қатысқан жастар өз пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісті. 

«Елбасы медалі» жобасына қатысу керемет тәжірибе болатынын жақсы түсіндім, бірақ жобаға қатысу менің өміріме қаншалықты әсер ететінін елестете алмадым. Жобада мен «Еріктілік», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды» бағыттары бойынша алға қойған мақсатыма қол жеткіздім. Жобаға алғысым шексіз! Жаңа қырларымды аштым, бұған дейін айналысқан қызығушылықтарыма жаңаша көзқарас пайда болды. Ең бастысы мен жаңа достар таптым. Олар белсенді, қызықты және жарқын жандар, - деп жоба қатысушысы Жарас Жеңісов өз әсерімен бөлісті.  

2020 жылы «Елбасы медалі» бағдарламасына еліміздің барлық өңірлерінен 11 мыңнан астам қатысушыны біріктірді, қатысушылардың жалпы санының 23%-ы ауыл балалары. 

Сондай-ақ, 3 535 адам қола деңгейін сәтті аяқтады. 

Жобаға қатысу барысында мен болашаққа қажетті тәжірибе жинақтадым. Еріктілік бағыты ерекше орын алды. Себебі бұған дейін мен бұл саламен кездеспеген едім, енді басқаларға тұрақты түрде қалай көмектесуге болатынын білемін. Елбасыға жастарға арналған осындай бастама үшін зор алғысымды білдіремін, - деді жоба қатысушысы Алтынбек Әбілда.  

Жобаға балаларына қатысуға қолдау білдірген ата-аналар тарапы да өз пікірлерімен бөлісе кетті. 

Менің қызым Нұрметова Наргиз, 14 жаста, 6 ай ішінде ол «Жыл еріктісі» халықаралық байқауына қатысты. Қызым БҰҰ қоры ұйымдастырған «COVID-19-ға қарсы күрескен әйелдер» фотокөрмесіндегі кейіпкерлердің бірі болды. Сондай-ақ, түрлі курстардан өтті. Атап айтсам, «Қаржылық сауаттылық», «Цифрлық сауаттылық», «Мобилография» сияқты онлайн-курстардан өтті. Қатысушылардың ата-аналары атынан Елбасыға балаларымызға осындай мүмкіндік бергені үшін зор алғысымды білдіремін, - деді Зухра Нұрметова.  

 

  Волонтерден танымал блогерге дейін 

 

 

«Елбасы Медалі» жобасының қатысушысы осындай жобалар жастарды жаңа жеңістерге ынталандырады деген пікірде. 

«Елбасы Медалі» жобасының қола медаль иегері, Шығыс Қазақстан облысынан келген 9-сынып оқушысы Еркежан Жүнісова Instagram желісінде өзінің онлайн-күнделігін жүргізеді. 

Өзінің бейнелері мен жазбаларында оқушы өзін-өзі тәрбиелеу, экологияны жақсарту, орыс тарихы және тағы басқа тақырыптарда әңгіме-дүкен құрады. Еркежан оқырмандарын белсенді өмір салтын ұстануға және өзін-өзі дамытумен айналысуға шақырады. 

Адамдар маған «сен бізді ынталандырасың» деп жазғанда ерекше сезімге бөлінемін. Мен адамдармен жұмыс істегенді және сөйлескенді ұнатамын, өйткені олар менің мотивациямның қайнар көзі. Олар маған берілмеуге және басқаларды ынталандыру үшін мақсатыма жетуге көмектеседі, - дейді мектеп оқушысы.  

Соңғы алты айда Еркежанның жазылушылары оның еліміздігі ең ауқымды «Елбасы Медалі» жобасына қатысу барысын бақылап отырды. Бойжеткен алты ай бойы бірнеше бағыт бойынша тапсырмалар орындады: кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды. Жоба ережесіне сай қатысушылар апта сайын орындалған тапсырмалардың есебін жүктеу керек. 

Еріктілік дағдыларын дамыту ерекше әсер қалдырды, қаламыздағы экологиялық жағдайды жақсарту және мұқтаж адамдарға көмектесу шараларына атсалыстым. Жұмыс күнінің аяғына таман адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудың өзі пайдалы іс, - дейді жоба қатысушысы.  

Жоба барысында оқушы Instagram-да «Волонтер күнделігін» жүргізді, ал ата-анасы мен ата-әжесі бейне-есептерді жасауға белсенді қатысты. 

Бағыт тапсырмаларын толық орындағаннан кейін жас блогер «Елбасы Медалі» жобасының қола медалін иеленді.
 

 

Мен үшін бұл жай ғана марапат емес. Үлкен тәжірибе алдым және онымен өзгелермен бөліскім келді. Бәріне ұнады деп ойлаймын, өйткені оқырмандарым менен жоба туралы сұрай бастады. Басқа аймақтардан да көп жазады. Олардың басым бөлігі өзім секілді жоба жеңімпаздары, бізде тұтас қоғамдастық қалыптасты десе де болады. Мен осы ұжымның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын және осындай мүмкіндік үшін Елбасыға алғысымды білдіремін, - деді Еркежан. 
 


 

 


 

Айта кетейік, «Елбасы Медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.

Бағдарлама 3 деңгейден тұрады: қола, күміс және алтын. 2020 жылы «Елбасы Медалі» жобасының 11 мың қатысушы, 600 тәлімгер, 17 өңірлік үйлестіруші мен сарапшының басын қосты. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы «Ел Үміті» бастамасы аясында жүзеге асырады.

 



 

Өзгелердің жаңалығы