Қазақстандық вакцина туралы ғылыми мақала қандай журналдарда шығуы мүмкін?

20 Мамыр 2021, 18:07
1350
Бөлісу:
Қазақстандық вакцина туралы ғылыми  мақала қандай журналдарда шығуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары Ерғали Әбдірайымов қазақстандық вакцинаға арналған онлайн брифингте айтты.

Біз вакцина туралы алғашқы екі сынақтың нәтижелерін сәуірде алдық. Бұл сұрақ қайталана береді. Біз клиникалық сынаққа кеш кірістік және оның нәтижесін сәйкесінше кеш алдық. Бізге құзыретті орган сәуір айында есеп берді. Қорытынды есеп тек Ұлттық реттеу органы растағаннан кейін ғана біз вакцина туралы ғылыми мақаланы жариялай аламыз, - деді ол.

Әбдірайымов айтқандай, мақала бір нақты журналға жіберілген.

Олар материалдың бағыты мен бағдары, талаптар бойынша мақаланы қарастырып жатыр. Оған қоса, еуропалық, британдық және америкалық журналдар материалды қарап жатыр, - деді Ерғали Әбдірайымов.

Ол қазақстандық вакцинаны еккендер еуропа елдеріне кіре алатынына кепілдік бере алмайтынын айтты.

Еуропалық реттеу органы мен ДДСҰ-дан рұқсат алу үшін құжаттар бірнеше зерттеуден кейін жіберілуі керек. Қазір бізде клиникалық сынақтың үшінші фазасы жүзеге асырылып жатыр. Ол бойынша есеп алған соң, біз ЕО-ға преквалификацияға құжат береміз. Қазір бізде құжат жіберуге толық сенім жоқ. Себебі сынақ бітпеді, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы