Қазақстандық теннисші Forte Challenger 100 турнирінің финалына шықты

21 Ақпан 2021, 16:07
1205
Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Forte Challenger 100 турнирінің финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің жекелей сынның іріктеуінің финалына шықты.

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Olympic.kz мәлімдеді.   

Іріктеу сындарының бірінші айналымындағы ойынында жерлесіміз ресейлік Савриан Даниловтан екі сетте ұтты – 6:4, 6:4. 

1 сағат 33 минутқа созылған кездесу барысында Недовесов 3 рет эйс жасап, до беру барысында бір қателік жіберді, үш брейк-пойнтты жүзеге асырды. 

Негізгі кезеңге шығу үшін Александр Недовесов өзбекстандық Сергей Фомин мен украиналық Владислав Манафов арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. 

Біріншіден, мен үйге оралып, көптеген матчта табысқа жеткен кортта ойнағаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі ойын оңай болған жоқ, қарсылас соңына дейін берілген жоқ. Әйтсе де мен жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Ойын сапасына ұшақтағы ұзақ уақыт әсер етті. Кеше түнде ғана елге оралдым. Ұйқым нашар болды, сондықтан ойын сапасынан күткен әсерім көңілге қонымсыз еді. Бірақ мен кез келген жағдайда алдыма максималды міндет қоямын. Жеңіске жетуге болатынын және ол маған оңай тимейтінін жақсы түсіндім. Матчты екі сетпен аяқтағаныма қуаныштымын. Пандемия жағдайында ойындар бос алаңда, жанкүйерсіз өтетіні өкінішті, бірақ қазіргі талап осындай, теннис жанашырлары турнирді үйде теледидардан көріп, бізге қолдау көрсетеді деп үміттенемін, - деді Александр.

Өзгелердің жаңалығы