Қазақстандық режиссер «Үздік режиссер әйел» атағын жеңіп алды

14 Шілде 2021, 18:10
1702
Бөлісу:
Қазақстандық режиссер «Үздік режиссер әйел» атағын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық режиссер Шәрипа Оразбаева Лондондағы Rainbow Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер әйел» атағын жеңіп алды.

Бұл туралы Шәрипа Оразбаеваның өзі желідегі парақшасында хабарлады. Режиссер Лондонда табысталған сертификатының суретін жариялаған. Лондонда ол көпшілік назарына «Мәриям» фильмін ұсынған.

Бұл - мен үшін күтпеген жаңалық. Лондон кинофестивалінде «ең үздік әйел режиссер» атағын иеленген екенмін. Бұл Лондондағы ХХІІ Rainbow Film Festival кинофестивалі болатын, - деп жазды режиссер Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Шәрипа Оразбаева 2019 жылы «Мәриям» фильмінің тұсауын кескен еді. Фильм Locarno Film Festival бағдарламасына қабылданған болатын.

Өзгелердің жаңалығы