Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды

8 Сәуір 2021, 20:19
2254
Бөлісу:
Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды
Фото: BAQ.KZ

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қордай ауданында орналасқан Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты базасында қазақстандық QazCovid-in вакцинасы таныстырылды. 

QazCovid-in вакцинасының қорабында 10 құты бар. Әр құты 0,5 мл немесе 10 тамшы дозадан тұрады. Вакцинаны тоңазтқышта сақтауға болады, яғни 2-ден 8 градусқа дейін. Оны қатыруға болмайды, - деді  қазақстандық вакцинаны әзірлеушілерінің  бірі  Леспек Құтымбетов.
Ол айтқандай, вакцина иммунитетті 7 айға дейін қорғайды.
QazCovid-in — коронавирусқа қарсы 5 вакцинаның біреуі. Вакцинаны әзірлеу технологиясы әртүрлі. Біз бірден бірнеше вакцинаны бірден дайындауды бастадық. Соның бірі осы,-деді ол.

Вакцинаның инактивті болуы ең сенімді, себебі ол мүлдем зиянсыз түрі деп айтуға болады. Шын мәнінде, бұл оңдаған жылдар бойы сыналған вакциналарды жасаудың дәстүрлі бағыты. Бірақ векторлық және субуниттік — бұл жаңа буын вакциналары. Іс жүзінде олардың тек бірнешеуі ғана кеңінен қолданылды. Айырмашылық мынада, онда басқа объектіге берілетін вирустың белгілі бір бөлігі ғана алынады. Сондықтан мұндай вакциналардың көмегімен иммунитетті қалыптастыру қиынырақ, - деді Құттымбетов.
Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы- QazCovid-in, саудаға шығарылатын  атауы - QazVac.

Айта кетейік, 25 сәуірде қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы, яғни 50 мың дозасы "СҚ-Фармация" хабтарына  жеткізіледі
Өзгелердің жаңалығы