Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада олжалы болды

5 Қараша 2020, 14:30
1705
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада олжалы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан құрама командасы 37-ші Балқан математикалық олимпиадасына (Balkan mathematical olympiad) қатысты. Румыния елі ұйымдастырған олимпиада 31 қазан мен 5 қараша аралығында қашықтан өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18 елінен 154 оқушы қатысып, бақ сынасты. Балқан математикалық олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 6 оқушы қатысты, - делінген хабарламада.

Балқан математикалық олимпиадасы – Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математикалық жарыс. Қазақстан Олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысты.

37-ші Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ұлттық құрама команда екі күміс және  төрт қола медальді жеңіп алды:

Олжабаев Асылбек;
Сатыбалдин Таир;
Бектемісов Темірлан;
Сакенов Батырхан;
Тен Юрий;
Сам Фетуллах.
Өзгелердің жаңалығы