Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан құрама командасы 37-ші Балқан математикалық олимпиадасына (Balkan mathematical olympiad) қатысты. Румыния елі ұйымдастырған олимпиада 31 қазан мен 5 қараша аралығында қашықтан өтті. Бұл жарысқа әлемнің 18 елінен 154 оқушы қатысып, бақ сынасты. Балқан математикалық олимпиадасына Қазақстан құрама командасында болған 6 оқушы қатысты, - делінген хабарламада.
Балқан математикалық олимпиадасы – Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математикалық жарыс. Қазақстан Олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысты.
37-ші Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы бойынша Ұлттық құрама команда екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды:
Олжабаев Асылбек;
Сатыбалдин Таир;
Бектемісов Темірлан;
Сакенов Батырхан;
Тен Юрий;
Сам Фетуллах.