Қазақстандық оқушылар халықаралық додадан алтын медаль еншіледі

27 Мамыр 2021, 20:48
1349
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар халықаралық додадан алтын медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушылар физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

Физика пәні бойынша өткен Азия Олимпиадасында қазақстандық оқушылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа әлемнің 22 елінен командалар қатысты.

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларының мектептері мен лицейлерінен 8 оқушы білім сайысына түсті. Олардың барлығын тәжірибелі педагогтер дайындады. Енді олар басқа да жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық жеткіншектерді алда жаңа халықаралық байқаулар күтіп тұр, - делінген хабарламада.

Азия олимпиадасына қатысушыларды Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында құттықтады. Министр оқушыларға жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

- Рахимжанов Дінмұхаммед;

- Қалдыбаев Рауан;

- Драганчук Антон;

- Шатохин Даниил;

- Лим Владимир;

- Сайлаубай Жалғас.

Өзгелердің жаңалығы