Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиададан жүлделі оралды

3 Шілде 2021, 12:44
2740
Бөлісу:
Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиададан жүлделі оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. География пәні бойынша өткен еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы күміс және қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиада 18-21 маусым аралығында Сербияда онлайн форматта өтті. Зияткерлік байқауда 13 елден 152 оқушы білімдерін сынады.

Еліміздің атынан байқауға Ақтөбе мен Шымкент қалаларынан үш оқушы қатысты. Еуропалық зияткерлік байқаудың қатысушылары Республикалық география олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Ұлттық құраманы жарысқа география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Г.Нүсіпова дайындады.

Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиададан жүлделі оралды

Олимпиада жазбаша және мультимедиялық тесттер мен практикалық турлардан тұрды. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қоржынына 2 медаль еншіледі. Валеев Рустам күміс, Тазабек Еркебұлан қола медальды иеленді. Қазақстандық үшінші қатысушы Мұқанов Бейхан сертификат алды.

Қазақстандық оқушылар еуропалық олимпиададан жүлделі оралды

Еуропалық олимпиада оқушылардың географиялық және экологиялық зерттеулерге қызығушылығын арттырады. Зияткерлік жарыс 2021 жылы жас географтар үшін алғашқы сынақ және тамыз айында өтетін халықаралық олимпиадаға қатысу үшін трамплин болды. Жақында информатика пәнінен олимпиадада 4 қола жеңіп алған оқушылар бізді өздерінің жетістіктерімен қуантты. Біздің оқушыларымыз өз білімдерінің, жаттықтырушылар деңгейінің және ата-аналардың қолдауының арқасында отандық білім сапасын әлемдік деңгейде көрсетіп, түрлі елдерден келген жүздеген қатысушылардың арасында жүлделі орындарға ие болып жүр, – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Бұл зияткерлік жарысқа Қазақстан үшінші жыл қатысып жатқанын айта кеткен жөн. Өткен жылы қазақстандық оқушылар бір күміс және бір қола жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы