Қазақстандық Mezzo тобы «Жаңа толқын» байқауында жүлдесіз қалды

26 Тамыз 2021, 13:11
1776
Бөлісу:
Қазақстандық Mezzo тобы «Жаңа толқын» байқауында жүлдесіз қалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Mezzo тобы Сочиде өткен «Жаңа толқын - 2021» халықаралық байқауында жүлдесіз қалды.

Байқаудың үшінші күнінің қорытындысы бойынша Mezzo тобы 255 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. Шараның алғашқы күні қазақстандықтар Мэрайя Кэридің «Without you» әнін орындап, 86 ұпайға ие болған еді. Ол кезде жарыс кестесінде армениялық қатысушыдан қазылардың шешімімен басым түсіп, екінші орынға табан тіреген болатын.

Сайыстың екінші күні өз елінің хиттеріне арналған байқау кезінде Mezzo Батырхан Шүкеновтің «Жаңбыр» композициясын орындап, 170 ұпай жинап, 3-орынға төмендеді.

Премьера күні Mezzo қазақ тіліндегі «Махаббат» әнін шырқаған болатын.

Байқаудың жеңімпазы армениялық Саро Геворкян атанды.

Қазақстандық Mezzo тобы «Жаңа толқын» байқауында жүлдесіз қалды

Екінші орын болгариялық Деница Караславоваға, ал үшінші орын испаниялық Хорхе Гонсалесге бұйырды. Көрермен көзайымы сыйлығы ресейлік Grinkevich тобына табысталды.

Қазақстандық Mezzo тобы «Жаңа толқын» байқауында жүлдесіз қалды

Қазақстандық Mezzo тобы үшінші орын алған испаниялық өнерпаздан 2 ұпай (жалпы 255) айырмашылықпен 4-орынға жайғасты.

Өзгелердің жаңалығы