Қазақстандық мергендер Италияда әлем кубогінде бақ сынайды

5 Мамыр 2021, 02:22
1441
Бөлісу:
Қазақстандық мергендер Италияда әлем кубогінде бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық мергендер Италияда стенд атудан әлем кубогіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.

6-17 мамыр күндері Италияның Лонато қаласында стенд атудан ерлер мен әйелдер арасында әлем кубогі ұйымдастырылады.

Аталған бәсекеде Қазақстан құрамасы сапынан 19 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған. 

Әйелдер, трап бойынша: Мария Дмитриенко, Сәрсенкүл Рыспекова, Айжан Досмағамбетова.

Ерлер, скит: Виктор Хасянов, Александр Федоров, Андрей Могилевский, Максим Коломоец, Данил Почивалов, Марк Почивалов, Давид Почивалов, Владислав Мухамедиев, Александр Ещенко, Эдуард Ещенко, Андрей Фролов.

Әйелдер, скит: Ольга Панарина, Ольга Хасянова, Рината Насырова, Зоя Кравченко, Әсем Орынбай.


Өзгелердің жаңалығы