Қазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогінде жеңіске жетті

24 Қаңтар 2021, 17:14
1445
Бөлісу:
Қазақстандық конькимен жүгіруші Әлем кубогінде жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңінде Екатерина Айдова алтынға қол жеткізді, деп жазды Olympic.kz. 

1000 метрге жарысудан «В» финалында сынға түскен аталған қашықтықты 1 минут 15.750 секундта жүгіріп өткен. 

Айдова былтырғы маусымға қатыспағандықтан, жаңа маусымды «В» тобында бастаған болатын.

Бұл жеңісінен соң қазақстандық спортшы Әлем кубогінің келесі кезеңінде «А» тобында сынға түсу құқығын алды.  

Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Екатерина Айдова 1500 метрге жарысудан күміске иелік етті.  

Әлем кубогінің келесі кезеңі де Херенвен қаласында өтетінін еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы