Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады

24 Қаңтар 2021, 12:19
3094
Бөлісу:
Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ мекемелерінде «көзге түспей тұратын» аймақтар болмауы тиіс. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-нің Алқа отырысында осындай мәлімдеме жасады. 

Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тиісті тәртіп қамтамасыз етілген. Қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін 2 колония жабылды. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсартылды: туыстарымен бейне-қоңырау арқылы сөйлесу, интернет-дүкендерден жекелеген тауарларға тапсырыстар беру енгізілді, сәлемдемелердің салмағы көбейтіліп, телефон арқылы сөйлесудің уақыты ұзартылды. Басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылған. 

Сотталғандардың еңбекпен қамтылу көрсеткіші 43%-дан 48%-ға дейін жақсарды, 11,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Алайда, ІІМ басшысының пікірінше, бұл жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу жолдарын түбегейлі өзгерту талап етіледі. Атап айтсақ, ведомствода ҚАЖ мекемелерінің аумағында өнеркәсіптік аймақтарды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы дамыту мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы