Қазақстандық гимнастар Мәскеудегі әлем кубогі кезеңінде сынға түседі

5 Шілде 2021, 23:26
1471
Бөлісу:
Қазақстандық гимнастар Мәскеудегі әлем кубогі кезеңінде сынға түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көркем гимнастикадан Мәскеуде өтетін әлем кубогі кезеңінде бақ сынайтын қазақстандық спортшылар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға Сабина Бакатова мен Эльжана Таниева қатысады.

Турнир 9-11 шілде аралығында Мәскеуде өтеді. Бәсекеге 17 мемлекеттің спортшылары келеді деп күтілуде. 

Турнир көрермендердің қатысуынсыз өтеді. Кубоктік кезең 2020 жылдың 12 шілдесінде өтуі тиіс болатын. Коронавирусқа байланысты бәсеке биылға ауыстырылды. 


Өзгелердің жаңалығы