Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошылар Будапешттегі әлем біріншілігін бір күміспен аяқтады деп жазады Olympic.kz.
Жекелей сындағы соңғы жарыс күнінде аса ауыр салмақта белдескен Ерасыл Қажыбаев іріктеуден өте алмады. Ерасыл бірінші кездесуде израильдік Ора Сассонды ұтып, екінші кезеңде тәжікстандық Темур Рахимовқа жол берді.
Әйелдер арасында сынға түскен Назгүл Маратова мен Камила Берлікаш та бірінші кезеңде жарысты аяқтады. Бүгін командалық бәсеке басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы Бразилияға 3:4 есебімен ұтылып қалды.
Айта кетелік, әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені Ғұсман Қырғызбаев салды. Ол 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Мағжан Шамшадин (60 келі) мен Елдос Жұмақанов (66 келі) алғашқы бестікке енді.