Қазақстандық спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

2 Шілде 2021, 17:29
2808
Бөлісу:
Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Локомотив» зауытында локомотив пен тепловоз тарту бойынша спорт шарасы өтті.

Бәсеке Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Іс-шара барысында қатысушылар «ЧМЭ-33А» сериялы локомотив пен жалпы салмағы 276 тонна болатын «Evolution» жолаушылар тепловозын 10 метрге арқанмен тартты.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Бұл істі Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерлер Айбар Ержанов, Бауыржан Камалиев және Ержан Жақаев жүзеге асырды.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Бауыржан Қамалиев былтыр пандемия басталып, карантин жарияланған кезде барлық жарыс тоқтап қалғанын айтты.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Мен күш экстримімен айналыса бастадым. Басында жеңіл көлік, джиптер мен жүк көлігін тартып жүрдім. Содан кейін мен үшін бәрі оңай болып көрінді. Мен одан әрі қарай жүргім келді, барған сайын гибридті көліктерді тартып өзімді сынап көргім келді. Кейінірек Мен осы спорт туралы мұқият оқып, пойыздар мен ұшақтарды тартатындар да бар екенін білдім. Осылайша, өзім де тартып көруді жөн көрдім. 2018 жылы Ресейден келген жігіттер 274 тонна тартып, әлемдік рекорд орнатты. Бүгін біз 276 тонна тарта алдық, - деді Камалиев.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Ал қара күштің иесі Айбар Ержанов өздерінің алға қойған мақсатын орындағанын айтты.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Бұл біздің бірлескен дайындығымыз бен бірлескен жұмысымыздың арқасы деп ойлаймын. Біз өзіміз спортшы болғандықтан осы дайындыққа 3 ай уақаты кетті. Біз өскелең ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстанғанын қалаймыз. Сондай-ақ физикалық дайындық көп нәрсеге жеткізетінін көрсеткіміз келді. Біз ұлы Қажымұқан Мұңайтпасовтың ұрпағымыз. Оның ерлігін біз қайталамағанда, кім қайталайды? - деді Ержанов.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Рекордты «Кинес. Kz» рекордтар кітабының ресми өкілі Қайрат Қуандықов тіркеді.

Қазақстандық  спортшылар күш экстримі бойынша әлем рекордын жаңартты

Өзгелердің жаңалығы