Қазақстандағы инфляция соңғы 4 жылдағы жоғары мәнге ие болды – Досаев

11 Тамыз 2021, 09:50
6153
Бөлісу:
Қазақстандағы инфляция соңғы 4 жылдағы жоғары мәнге ие болды – Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Коронавирус індетінің жаңа жағдайы мен вакцинация қарқыны әлемдік экономика мен Қазақстан экономикасын қалпына келтірудің маңызды факторы болып есептеледі. Дамушы елдердегі вакцинацияның әлсіз қарқыны мен аурудың өсуіне байланысты Халықаралық валюта қоры 27 шілдеде ЖІӨ болжамын 6,3 пайыздан 0,4 пайызға дейін төмендетуді қайта қарады, - деді ол.

Досаев дамыған елдерде вакцинацияның жоғары қарқыны мен ынталандыру есебінен Халықаралық валюта қоры 5,6 пайыз деңгейіне дейін жарты пайыздық тармаққа күрт өсуді күтіп отыр.

Әлемдік жалпы ішккі өнім болжамы 2021 жылы 6 пайыз деңгейінде сақталды. Дамушы елдердің өсу перспективаларының нашарлауына байланысты 2022 жылдың соңына қарай олардың экономикаларын қалпына келтіру күтіліп отыр. Дегенмен халықаралық валюта қоры Қазақстанның экономикасының өсу болжамын 3,2 пайыз деңгейінде сақтады, - деді Досаев.

Ол айтқандай, БҰҰ мәліметтері бойынша, шілдеде азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы қатарынан екі ай бойы төмендеп, 123 тармағы белгісіне жетті.

Бұл ретте азық-түлік бағасының өсімі 29 пайызды құрап, жоғары деңгейде сақталды. Қазақстандағы инфляция биылғы маусымда 7,9 пайызға дейін күрт көтерілгеннен кейін өсуді жалғастырып, шілдеде 2017 жылдан бергі мән 8,4 пайызға жетті, - деді Досаев.

Өзгелердің жаңалығы