Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ алаңында тікелей эфирде өткен брифингте Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов айтты.
Осы жылы қандай маркалы автокөлікті ұрлау жиі тіркелді?, – деп журналист сауал жолдады.
Оған спикер былай деп жауап берді.
Ең жиі ұрланатын автокөлік маркасы – Mercedes, Toyota, Мазда, BMV, Volkswagen және Lexus, - деп айтты Қанат Нұрмағамбетов.
Сонымен қатар ол көлік ұрлығы жиі тіркелетін қалаларды атады.
Анализ бойынша автокөліктерді заңсыз айдап әкету Алматы қаласы, Алматы және Қостанай облыстарында жиі орын алады, - деп түсіндірді ол брифингте.Еске сала кетсек, Ішкі істер министрлігі 16-22 тамыз аралығында елде «Автокөлік» атауымен кең ауқымды іс-шара ұйымдастырды, оған 5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Олардың күшімен іс-шара аясында 118 автокөлік ұрланғаны анықталды.
Айта кетейік, брифинг барысында Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов автокөлік ұрлығын болдырмау үшін жұмыс жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндап берді. Сонымен бірге ол көлікті ұрлықшылардан қалай қорғау керегін де түсіндіріп берді.