Қазақстанда Украинамен салыстырғанда белсенділік жоғары – тәуелсіз байқаушы

10 Қаңтар 2021, 14:47
1787
Бөлісу:
Қазақстанда Украинамен салыстырғанда белсенділік жоғары – тәуелсіз байқаушы
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Украинаның Жоғарғы Рада депутаты, «Халықтың қызметшісі» фракциясының мүшесі, «Украина-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Евгений Шевченко елімізде өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікірін білдірді. 

Жалпы, сайлау учаскелеріне барған кезде демократиялық процестер мен құндылықтардың жеткілікті жоғары деңгейде екенін, әркімнің учаскелерге еркін қол жеткізе алатынын, белсенді қоғамдық-саяси қызмет байқалып отырғанын, мұны сайлаушылар саны мен ашық жәшіктерде көрген бюллетеньдер саны бойынша да көруге болады деп айтқым келеді. Бізде, әдетте, осы уақытқа дейін адамдар аз келеді. Әдетте бізде бюллетеньдер аз. Сайлауға келушілердің көп екенін көріп отырмыз. Мүмкін ауа-райы қолайлы. Мүмкін, адамдар өздерінің позицияларын белсенді түрде көрсеткілері келеді, - дейді Евгений Шевченко. 
евгений1.JPG

Ол Қазақстан Парламенті Мәжілісі сайлауында Украинадан байқаушы болу үлкен мәртебе екенін айтты.

шевченко1.jpeg

Бізді өте жылы қабылдады. Қазақ халқының Украинаға деген көзқарасы, достық және ынтымақтастыққа деген ұмтылыстары қуантты. Біз төрт учаскені араладық. Соңғысында көп уақытымызды өткіздік. Ол жерге Ресей Федерациясынан да байқаушылар келді, - деді «Украина-Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі.

сурак.JPG



Өзгелердің жаңалығы