Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына арналған 65 орталық бар

26 Мамыр 2021, 16:02
2843
Бөлісу:
Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына арналған 65 орталық бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы халық алдындағы есеп беру кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Жастардың экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру – бүгінгі күннің өткір тақырыптарының бірі. Бұл бағытта министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Биылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында ел бойынша 80 мыңнан астам жас өкілін қамтыған «Киелі Табиғат» республикалық экологиялық жобасы іске асты, - деді министр.

Жоба аясында ақпараттық-ағарту жұмысына баса назар аударылды.
Балаеваның айтуынша, алдағы уақытта Экологиялық жастар театры мен арнайы Youtube-арна ашу жоспарда бар.
Жастар саясатын жүзеге асыру барысында шет мемлекеттермен өзара тәжірибе алмасу да үнемі назарда тұрады. Бұл ретте биыл халықаралық деңгейде «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» түркітілдес елдердің жастар саммитін, Азиядағы «Өзара қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі кеңес» елдерінің жастар форумын өткізу жоспарда бар, - деді Балаева.

Сонымен қатар отбасы саясаты бағытында «2030 жылға дейін гендерлік және отбасылық саясат тұжырымдамасын іске асырудың іс-шаралар жоспарының» екінші кезеңі бекітілді. Тұжырымдама негізінен отбасы институтын нығайту, репродуктивті денсаулық күтімі, гендерлік теңдік, тұрмыстық зомбылықты болдырмау мәселелерін қамтиды.
Соның ішінде тұрмыстық зомбылықпен күрес мәселесі өте өзекті. Өкінішке қарай, былтырғы карантиндік оқшаулану кезінде тұрмыстық жанжал фактілері күрт өскені белгілі. Ал бұл мәселемен айналысатын орталықтар еліміздегі тек ірі қалаларда ғана шоғырланған. Қазір ел аумағында тұрмыстық зорлық зомбылық құрбандарына арналған 65 Дағдарыс орталығы жұмыс жасайды. Дегенмен бүгінде әрбір аудан және қалада осындай орталықтар ашу қолға алынуда, - деп түсіндірді Аида Балаева.

2025 жылға дейін олардың санын 234-ке жеткізу көзделіп отыр.


Өзгелердің жаңалығы