Қазақстанда тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

5 Мамыр 2021, 13:50
1171
Бөлісу:
Қазақстанда тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 3-5 қыркүйегі аралығында Орталық Азияда тұңғыш рет триатлоннан Азия чемпионаты өтеді.

Құрлық додасын Нұр-Сұлтан қаласы қабылдайды, деп жазады Триатлон федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz.

Азия біріншілігі 2021 жылғы маусымның ең басты додасы болмақ. 

Чемпионатта 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында, сондай-ақ, командалық эстафетадан жүлделер таратылады.

19 жасқа дейінгі атлеттер 750 метрге жүзуден, 20 шақырымдық веложарыстан және 5 шақырымға жүгіруден жарысады. 

23 жасқа дейінгі атлеттер олимпиадалық қашықтықта, яғни, 1500 метрге жүзуден, 40 шақырымға велосипедпен жарысудан және 10 шақырымға жүгіруден сынға түседі. 

 Командалық эстафетада команда құрамына екі ер адам мен екі әйел адам енеді. Олар жүзуден 250 метрге, веложарыстан 6,6 шақырымға, жүгіруден 1,6 шақырымға жарысады.

Өзгелердің жаңалығы