Қазақстанда Ózgerіs ustasy марапаты өтеді

1 Қараша 2019, 16:10
2311
Бөлісу:
Қазақстанда Ózgerіs ustasy марапаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ерекше үлес қосқандарға арнайы сыйлық тағайындалады. 

Қазақстанда креативті, гуманистік және шығармашылық адамдар арасында жаңа бағыт – әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы көрнекті мамандардың еңбегін қоғамдық мойындау, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару мақсатында алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін "Ózgerіs ustasy" республикалық сыйлығы өткізілмек.

Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген азаматтық қоғамды қалыптастыру маңызының негізгі тұстарын жетілдіру.

Сыйлық әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесетін ұйымдар (халықаралық ұйымдар, корпоративтік бизнес, мемлекеттік институттар, БАҚ) арасында бірінші рет өткізіледі.

Сыйлық шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және өнер, осал топтарға қолдау көрсету және аумақтарды дамыту саласындағы 6 номинация бойынша ҮЕҰ арасында барлығы 15 жеңімпаз іріктеліп, 500 000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Бүгінгі күні "Ózgerіs ustasy" сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау аяқталды. Ұйымдастырушылар қоғамдық дауыс беру арқылы үздік әлеуметтік кәсіпкерлер анықталатын екінші кезеңге кірісті. Дауыс беру 2019 жылғы 14 қазаннан 30 қазанға дейін voting.ozgeris-ustasy.kz сайтында жүзеге асырылады.

Аталған сыйлықтың марапаты 15 қарашада Алматы қаласында өтеді. Сыйлықты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мен "Act for Impact" (Impact Hub Almaty) КҚ бірлесіп гранттық жобаны іске асыру шеңберінде өткізеді.


Өзгелердің жаңалығы