Отандық құрылыс материалдарын міндетті түрде қолдану үшін құқықтық база жасалды

24 Тамыз 2021, 16:05
7585
Бөлісу:
Отандық құрылыс материалдарын міндетті түрде қолдану үшін құқықтық база жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрылыс саласындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында ИИДМ Құрылыс комитеті қажетті құқықтық базаны қалыптастыру жұмыстарын аяқтады.

Тапсырыс берушілерді құрылыс кезінде отандық құрылыс материалдарын қолдануға және сараптамадан өткеннен кейін жобаның жиынтық ведомостін epsd.kz порталында жариялауға міндеттейтін нормативтік-құқықтық актілерге (НҚА) өзгерістер енгізілді. Қазақстандық қамту бойынша жаңа енгізілімдер бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен объектілерді тұрғызатын құрылыс ұйымдары үшін орындауға міндетті.

Epsd.kz порталында бүгінгі таңда 11,5 мың жоба тіркелген. Жобалардың жиынтық ведомостеріне арналған жаңа модуль отандық құрылыс материалдарын пайдалануда сметалық құжаттаманы талдау мақсатында іске қосылды. Сонымен қатар құрылыс кезінде CT-KZ сертификатын қолдану, сметаларда (АВС-4, САНА) және орындалған жұмыс актілерінде құрылыс материалдары шығарылған елді көрсету міндеттеледі, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

2021 жылдың соңына дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Елімізде мемлекеттік тапсырыспен 97 тұрғын үй және әлеуметтік ғимараттардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республика бойынша құрылыс материалдарындағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамтудың орташа үлесі 89,8% құрайды.

Өзгелердің жаңалығы