Өңірлер 14 желтоқсаннан бастап карантинге жабылады деген ақпарат жалған

10 Желтоқсан 2020, 14:20
4630
Бөлісу:
Өңірлер 14 желтоқсаннан бастап карантинге жабылады деген ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мессенджерлерде Қазақстан өңірлерінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокпосттар орнатылатыны туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп жазды stopfake.kz сайты. 

Жалған хабарламада Премьер-министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті қоса жүктелген. Бұл ақпаратты Премьер-министрдің баспасөз қызметі ресми түрде жоққа шығарды.

Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті жалған. Қазақстанның өңірлері мен қалаларында 14 желтоқсаннан бастап блокпосттар орнатылып, қозғалыс шектеліп, қатаң локдаун енгізілмейді. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

блок2.jpeg





Өзгелердің жаңалығы