Елде міндетті вакцинация мерзімі қайта қаралады

12 Шілде 2021, 19:40
3581
Бөлісу:
Елде міндетті вакцинация мерзімі қайта қаралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Бұл туралы  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер – Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде коронавирус инфекциясына қарсы күрес бойынша шешімдер қабылдау үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға қатысты болды. Вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді:

коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу; 

ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакцинация жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу; 

«Pfizer» компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету; 

ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакцинациялаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;

ағымдағы жылдың 19 шілдесіне дейін «Ashyq» сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;

эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қолданыста болатын Медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту.

жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтар мен оқушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Өзгелердің жаңалығы