Қазақстанда мектептердің тек 6 пайызында күзет қызметі бар – Тұрғымбаев

21 Маусым 2021, 13:09
3691
Бөлісу:
Қазақстанда мектептердің тек 6 пайызында күзет қызметі бар – Тұрғымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елдегі мектептердің қауіпсіздігі туралы айтты.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Дана Нұржігіт осыған байланысты министрге сауал жолдаған болатын.

Татарстанның Қазан қаласында болған қайғылы жағдай жалпы мектептердің қорғансыз екенін көрсетті. Бір ғана күзетшінің мұздай қаруланған қара ниетті адамның алдында қауқарсыз екенін айқын дәлелдеп берді. 9 адамның өмірін қиып, Қазанды қара жамылдыру үшін, Гилявиевке аз ғана уақыт керек болды. Бізде «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бар. Осы бағдарламаға сәйкес террористік тұрғыдан осал объектілердің 70 пайызын тексеру жоспарланған. Біз сол жұмыстың атқарылғандығы жөнінде Үкіметтің есебін қарап шықтық. Осы мәселеде ІІМ жүргізіп жатқан нақты жұмыстың, нақты тізімін берсеңіз?, - деді Дана Нұржігіт.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен 7500 мектеп тексерілгенін атап өтті.

Мектептердің 100%-ында бейнебақылау камералары бар. Бірақ оның ішінде 45 пайызы ғана техникалық талаптарға сай келеді. Тағы да кемшіліктер бар: 30 пайыз мектептерде дабыл жүйесі жоқ. Ал турникеттер мен темір іздегіш апппараттар 5 пайызында ғана бар, сондай-ақ 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен қамтамасыз етілген. Білім министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, бұл кемшіліктерді жою жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін қаражат бөлініп, олқылықтар жойылады, - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Өзгелердің жаңалығы