Қазақстанда малдың генетикасы жақсартылды

19 Наурыз 2021, 17:51
1627
Бөлісу:
Қазақстанда малдың генетикасы жақсартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Еуразиялық ет одағының отырысында Қазақстан ет одағы басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков хабарлады.

Ресей сиыр етін өндірушілердің ұлттық одағының ұйымдастыруымен өткен Еуразиялық ет одағының отырысында ірі қара мал өсірудің ортақ нарығын дамыту мәселесі талқыланды.

Қазақстан ет одағы басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков етті мал шаруашылығы саласында салалық Одаққа өкілдік берудегі Қазақстан тәжірибесі туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, тұқымды асылдандыру процессінің нәтижесінде Қазақстандағы мал басының генетикасы жақсарып, популяция артқан: Қазбел – 100 мыңнан 500 мың басқа дейін, Ангус – 30-дан 100 мың басқа дейін көбейген.

2010 жылдан бастап бұқа көбейтіп, тауарлы төл басы генетикасын жақсарту мақсатында біз елге 60 мың ұрғашы малды сырттан әкелдік. Бірақ осы жұмысқа дейін біз тұқымды асылдандыру ісін қайта реттеуді жүргіздік. Асыл тұқымды малдың сапасын бақылаумен айналысқан шамамен 2600 инспектор болды, - дейді Асылжан Мамытбеков.

Оның айтуынша, Қазақстанда шаруаларды ынталандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы әзірленді және жеңілдетілген, нақты нысаналы мақсатымен «Сыбаға» несиелік өнім беріле бастады.

Бағдарламаға қатысу үшін 3 қарапайым шарт қойылған, яғни субсидия алу үшін біріншіден, 1 келіге 25 келі қатынаста асыл тұқымды бұқаның болуы;   екінші - асыл тұқымды бұқаны екі қашыру маусымнан соң ауыстыру керек. Үшіншіден, ақпараттық жүйеге тіркелу қажет, - деді басқарма төрағасы.

Sybaga.kz ақпараттық жүйесінде онлайн режимде 3 554314 бас ірі қара ұрғашы малы тіркелгені көрсетілген, соның ішінде 1573167 бас тұқымды асылдандыру бағдарламасына жұмылдырылған. Аталған жүйе жануарларды сәйкестендіру жөніндегі мемлекеттік жүйесі және палаталар деректер базасымен біріктірілген.

Раушан Арманқызы
Өзгелердің жаңалығы