Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook-парақшасында хабарлады.
Атап айтатын болсақ, Қарағандыда - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, Нұр-Сұлтанда 1 дерек тіркелген көрінеді.
Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штаммдар айналымы белгіленген. Delta «Үнді штаммы» - 57 (59,4%), Alpha «Британдық» - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%), - деп жазды министр парақшасында.
«Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болған. Аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталыпты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штаммы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады.
Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - COVID-19 вакцинациясының аяқталған курсы, - деп атап өтті Алексей Цой.
Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б. сақтауға шақырды.