Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады

16 Маусым 2021, 15:46
2805
Бөлісу:
Қазақстанда климаттық өзгерістер бойынша өңірлік хаб құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазақстан мен АҚШ сауда-экономикалық қатынастарына 30 жыл» атты Қазақстан-Америка инвестициялық форумының отырысына қатысты.

Мағзұм Мырзағалиев «Энергетика және тау-кен өнеркәсібі (жасыл технологиялар және сирек кездесетін металдар)» Панельдік сессиясының жұмысына қатысты. Министр өз сөзінде «жасыл» технологиялар нарығын дамыту үшін Қазақстан Экологиялық кодекс, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заң және «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы сияқты бірқатар нормативтік құжаттарды қабылдағанын айтты.

Сонымен қатар АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен онлайн кездесу барысында қазақстан тарапы Қазақстанда климат мәселелері бойынша Орталық Азияның өңірлік хабын құру туралы бастама көтерді. Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда жаңа кен орындарын (литий оксиді, құрамында осмий тотығы бар мыс құмтас, сондай-ақ құрамында тантал бар кендер, оның ішінде ілеспе ниобий бар) ашу перспективалары бар екенін атап өтіп, осы жобаларды іске асыру үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін құптады, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Мағзұм Мырзағалиев Tesla, Lucid Motors, Nikola сияқты америкалық электромобильдік компаниялардың жетекші рөлін, GM, Ford сияқты ірі автоөндірушілердің электр қозғалтқыштарына көшу жөніндегі ұзақ мерзімді стратегияларын ескере отырып, қазақстан тарапы литий-ионды аккумуляторлар өндіруге арналған зауыттар салу бойынша америкалық тараппен ынтымақтасуға дайын екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы