​​Қазақстанда «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды

15 Сәуір 2021, 10:02
4013
Бөлісу:
​​Қазақстанда «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында еліміздің 12 облысында кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясы өтеді. 

Іс-шараның бастамашылары Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып табылады. Тараптар ««Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Акцияның мақсаты лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Бұйрық шеңберінде акцияны өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

Акция барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп киік мүйіздерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және оларды елден тыс жерлерге шығару бойынша шаралар күшейтілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы