Қазақстанда қанша фабрикадан құс тұмауы тіркелгені белгілі болды

13 Қазан 2020, 11:51
1833
Бөлісу:
Қазақстанда қанша фабрикадан құс тұмауы тіркелгені белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.   Бұл туралы  Қазақстанның құс өсірушілер одағының вице-президенті  Бақыт Қойшығұлова «Қазақстандағы құс тұмауына қарсы шаралар мен өнімдердің қауіпсіздігі» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтты. 

Құс тұмауы тамыз айында Ресейде тіркелді. Құс тұмауы - экономикалық қана емес, құс шаруашылығы саласына да үлкен зардап әкелетін проблема. Алдын алу шаралары мен вакцинацияға да қомақты қаржы кетіп, жұмыс орындары қысқаратынын да ескеру керек, - деді ол.

Қойшығұлова атап өткендей, Қазақстанда құс тұмауы соңғы 15 жылда тіркелмеген.

Құс тұмауы соңғы рет 2005 жылы тіркелді. 9 облыс пен 48 елді мекенде құс тұмауы тіркелді. Көп жағдай жеке секторда анықталып отыр. Өкінішке қарай, 3 құс фабрикасында құс тұмауы тіркелді. СҚО-да 2, Қостанай облысында 1 құс фабрикасында құс тұмауы тіркелді. 48 елді мекенде уақытша карантин жарияланды. Құс пен құс өнімдерін шығару бойынша тыйым салынды, - деді ол.

Ол атап өткендей, кей өңірлерде құс фабрикалары маңында санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталмайды.

Бүгінде құс тұмауы бойынша тұрғындар алаңдап отыр. Қауіпсіздік бойынша құс өнімін сатып алмай отыр. Бұл - дұрыс емес. Құс тұмауы тіркелмеген фабрикалардың өнімі таза, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы