Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 74,2%-ның қарым-қатынасы өте жақсы

2 Желтоқсан 2021, 12:09
1309
Бөлісу:
Еліміздегі ерлі-зайыптылардың 74,2%-ның қарым-қатынасы өте жақсы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Елбасы аманаты: елдіктің жеті тұғыры» - атты дөңгелек үстел барысында «Рухани жағыру» Қазақстан қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты Айгүл Рақышева мәлімдеді.

Іс-шара кезінде маман «Отбасы мен дәстүр – қоғамның негізгі тірегі» бағдарының құндылығын ҚҚДИ зерттеулерінің нәтижелерімен дәлелдеді.

Мәселен, 2021 жылы жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама мәліметтеріне сәйкес, қазақстандық ата-аналардың балаларына сіңіретін құндылықтарының ішінде респонденттер ең алдымен «үлкенге құрмет (61,3%), еңбексүйгіштік (61%), өзін-өзі бағалау (43%) және өзіме деген сенімділік (37,6%)» болған. Сондай-ақ, ата-аналар балаларын әділеттілікке, отансүйгіштікке, инабаттылыққа, жауапкершілікке, өз мүмкіндігіне қарай өмір сүре білуге, қиын жағдайларға бейімдеп тәрбиелеуге тырысады, - деп атап өтті Рақышева.

Оның мәліметінше, бүкіл әлемде отбасы институты трансформация процестерінен өтіп жатқанына қарамастан, зерттеулер «қазақстандықтардың 73,8% отбасылық өмірімен толық қанағаттанғанын көрсетеді.

Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты бағалау кезінде респонденттердің 74,2%-ы арадағы байланыстың өте жақсы екенін, бір-бірін жақсы көретінін және құрметтейтінін атап өтті. Қазақстандық отбасылардың көпшілігі пандемиядан аса үлкен ауыртпалықсыз шықты, сонымен қатар, әрбір үшінші отбасы оң тәжірибені игеріп, отбасылық қарым-қатынастары жақсарды. Әрбір оныншы отбасында ұрыс-керіс, реніш азайып, әрбір бесінші отбасы бір-бірін жақсы түсініп, ынтымағы жараса бастады - деп пайымдады Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы