Қазақстанда электромобильге деген сұраныс 4 есе төмендеген

3 Қыркүйек 2019, 13:37
1916
Бөлісу:
Қазақстанда электромобильге деген сұраныс 4 есе төмендеген

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде электромобилге деген сұраныс 3,9 есеге түсіп кеткен. 2019 жылдың 8 айында Қазақстан аумағында тек 11 электр қуатымен жүретін жеңіл көлік тіркелген, өткен жылы 43 болған. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындарының одағы» хабарлады. 

«ҚазАвтоПром» сонымен қатар жыл басынан бері елімізде тіркелген авто көлік құралдарының өсу барысы жайлы деректер келтірді.

«Аталған уақыт аралығында әкімшілік полициямен 955 877 авто көлік құралдары тіркеуге қойылған, бұл өткен жылға қарағанда 12,3% жоғары. Оның 891 399 бірлігі екінші қайтала тіркеуге қойылған,яғни қожайындары ауысқан. Алғаш тіркеуге қойылған көліктердің саны 64 478, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 24,1% жоғары», - делінген хабарламада.

Автокөлік нарығында жасалып жатқан келісімшарттар динамикасы еліміздегі көліктердің жыл санап ескіріп жатқанын айғақтайды. 20 жылдан артық жүрілген көліктердің сатылуы 39,6% артқан, ал 1- 3 жыл болған көліктердің сатылымы 4,5% дан 3,5% дейін төмендеген.
Өзгелердің жаңалығы