Қазақстанда EdTech білім беру технологияларының форумы басталды

1 Шілде 2021, 15:27
3152
Бөлісу:
Қазақстанда EdTech білім беру технологияларының форумы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астана халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен Astana Finance Days аясында EdTech білім беру технологияларының қазақстандық форумы басталды.

Жыл сайын EdTech форумы біздің өңірде білім беру сапасын қалай жақсартуға болатынын бірлесіп шешу үшін өз алаңында студенттерді, мұғалімдерді, жоғары оқу орындары мен мемлекет пен технологиялық компанияларды біріктіреді.

Биылғы форумның тақырыбы «Transition to the Future» технологиялар мен инновациялар білім беру саласын қалай жақсартып, оны диджитализация саласына белсенді түрде дамытуда.

Үш күндік Форум интерактивті сессияларды қамтиды: білім беру технологиялары саласындағы трендтер, баламалы білім беру мәселелері, цифрлық контентті дамыту, креативті экономиканың маңызы, серпінді edtech шешімдер және болашақ маманыдықтар ұсынылады.

Форум аясында бүгін инвесторларды қорғау және оларды ислам нарығына тарту тақырыбында вебинар өтті. Исламдық қаржы нарығының маңызы жыл санап артып келеді. Өткен жылдың соңында ислам қарды нарығының активтері 142,4 млрд долларды құраған. Вебинардың басты тақырыбы ислам нарығына енген инвесторларды қорғау мен нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Спикерлер негізгі назарды ислам қаржы нарығындағы әрекеттердің шариғат заңдарына сай болуына ерекше көңіл бөлді. 

Қазақстандық спикер Мұхтар Бубеев Астана халықаралық қаржы орталығы ислам қаржылық қызмет кеңесінің мүшесі болып табылатынан және оның қаржы нарығындағы қызметінің маңызы зор екенін атап өтті. Open banking тақырыбына арналған вебинарда қаржы институттарына арналған қосымшалар мен серивистер құру жолдары талқыланды. Бұл вебинарда «Open Banking халықаралық кейстер мен Қазақстан нарығына талдау бойынша жүргізген зерттеулерін таныстырды. Оның Астана халықаралық қаржы орталығы және Mastercard- пен бірлесіп жасалған. Астана қаржы орталығы 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы аясында өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасуды көздейтінін атап өту керек. Осы мақсатқа жету үшін орталық сегіз реформаны жүзеге асыру туралы бастама көтерді. Олардың барлығы Стратегияда көрініс тауып отыр. Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз серіктестік орнатудың арқасында олардың әрқайсысы бойынша айтарлықтай ілгерілеушілік бар.

АХҚО-ның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, орталықтың 2021 жылға бюджеттік өтінім 11,8 млрд теңгені құрайды. Бұл 2020 жылдағыдан 1,25 млрд теңгеге аз. 2022 жылы көрсеткіш 9,9 млрд теңгеге дейін түсіп, 2023 жылы 9,1 млрд теңге болмақ. АХҚО юрисдикциясында әлемнің 53 елінен 845 компания тіркелген. 2025 жылға дейін көрсеткішті 2000-ға жеткізу жоспарда бар. Орталық ашылғалы бері 4,4 млрд доллар инвестиция тартты. Соның ішінде 3,2 млрд доллар – тікелей инветсиция, 1,2 млрд доллар – портфельді инвестиция.

Үш күнге созылатын форумның бірінші күнінде медиа, data science және IT саласындағы жетекші сарапшылардан мастер-кластар сериясы өтеді.
Форумның екінші күнін Болашақтың біліміне көшудегі жетіспейтін орта сессиясы ашады, талқылауға қатысушылар білім беру ландшафтын өзгертетін цифрлық әлемнің трендтерін, сондай-ақ болашақ білім беруге көшу кезінде жетіспейтін ортаны толтыруға арналған дағдылар мен құзыреттерді қарастырады.

Форумның үшінші қорытынды күні мектептегі білім беру жүйесінде, мұғалімдер, ата-аналар және білім беру органдарының өкілдерінің арасында диалог орнатуына бағытталатын болады. Бұл күні  «The future you choose!» (сен таңдайтын болашақ) ашық диалогқа өтеді. Қатысушылар келесі сұрақтарға жауап береді: қазіргі балалар не туралы армандайды, болашақта өздерін кім ретінде көреді, кәсіпті қалай табуға болады және білім берудің қандай жаңа бағыттары маңызды болып саналады.

Өзгелердің жаңалығы