Қазақстанда болу ережесін 12 мыңға жуық шетелдік бұзды – ІІМ

19 Шілде 2021, 11:38
2838
Бөлісу:
Қазақстанда болу ережесін 12 мыңға жуық шетелдік бұзды – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде мәлім болды.

Өткен аптада заңсыз көші-қон арналарын және заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша «Нелегал-Трафик» жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілді.Оны өткізуге көші-қон қызметі, криминалдық және әкімшілік полиция бөлімшелерінің алты мыңға жуық қызметкері жұмылдырылды, - деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек.

Ол атағандай, профилактикалық іс-шара барысында Қазақстанда болу ережелерін бұзған 12 мыңға жуық (11.867) шетелдік анықталды.

Соттардың шешімі бойынша елден 741 шетелдік шығарылып, 1730 адам қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 572 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасына қатысты 43 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Іздеуде жүрген 64 қылмыскер, оның ішінде 9 ТМД азаматы ұсталды. Еліміз бойынша 2,5 мың (2.667) шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін уақытша болу мерзімдері қысқартылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы