Қазақстанда автокөлік неліктен қымбат?

12 Қаңтар 2021, 23:14
3888
Бөлісу:
Қазақстанда автокөлік неліктен қымбат?

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан мен Ресейде кең таралған автокөліктердің бағасын салыстырып көрген LS басылымының сарапшылары елімізде көлік бағасы анағұрлым жоғары деген тоқтамға келген.

Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының мәліметінше, 2020 жылдың қыркүйек айында елімізде 1,1 мың Lada Granta көлігі сатылған. Бұл сатылған көлік маркалары ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. 

Қазір бұл көліктің бағасы 3,69 млн теңгені немесе $8,7 мың құрайды. Ресейде де қыркүйек айында көліктің осы түрі көп сатылған. Алайда ондағы баға 468,9 мың теңгеге төмен немесе $6,2 мыңды құрайды. Көліктің бұл түрі екі елде де ең арзан болып табылады. 

Қазақстандағы ең арзан көлік рейтингінде екінші орында Chevrolet Cobalt тұр. Оның бағасы $9,9 мың. Ал Ресейде екінші орында Lada Vesta тұр. Оның бағасы $8,7 мың. Бұл көлік біздің елде  $11 мыңға бағаланған.

Сондай-ақ екі елдің арзан көліктер рейтингінде Hyundai Creta маркасы бар. Бұл көлік біздің елде $16,8 мың, ал көрші елде $14,2 мыңға сатылуда.

Сарапшылар еліміздегі көліктер бағасының жоғарылығын оның құрастыру бөлшектерінің сырттан келетінімен байланыстырады.

Өзгелердің жаңалығы