Қазақстанда «АрХО-2021» ойындарына іріктеу өтеді

16 Ақпан 2021, 22:48
1912
Бөлісу:
Қазақстанда «АрХО-2021» ойындарына іріктеу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «АрХО-2021» ойындарына даярлық ұйымдастырылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армия халықаралық ойындары халықаралық әскери ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу іс-шарасы ғана емес, сондай-ақ әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін арттырудың тиімді құралы.

Ойындарға даярлық пен қатысу кезінде жауынгерлер кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Бұл дағдылар оларға жарыс барысында ғана емес, сонымен қатар күнделікті жауынгерлік оқу-жаттығу іс-қимылында да қажет.

Биыл қазақстандық командалардың «АрХО-2021» ойындарына даярлығы жарыс форматында өтеді, оған барлық өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің өкілдері қатысады. Бұл Армия халықаралық ойындарының ұлттық іріктеу кезеңі болмақ.

Оқу-жаттығу полигондарында өтетін жарыстарда әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін көрсетуі үшін қажетті жағдай жасалады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарулы Күштер ауқымында үздік әскери қызметшілер, экипаждар мен есептоптар анықталып, сондай-ақ «АрХО-2021» конкурсына қатысу үшін командалар құрылады.

Өзгелердің жаңалығы