Қазақстанда аналитик-журналистерді дайындайтын болады

6 Мамыр 2021, 15:28
1821
Бөлісу:
Қазақстанда аналитик-журналистерді дайындайтын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың қыркүйек айында KAZGUU Университеті базасында «Журналистика: аналитика және зерттеу» мамандығы ашылады. Бұл туралы KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев аталған білім беру бағдарламасының тұсаукесерінде хабарлады.

Қазақстанда аналитик-журналистерді дайындайтын болады

Білім бағдарламасының тұсаукесеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, республикалық басылымдардың бас редакторлары және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен медиа-менеджерлер қатысты.

Біздің зерттеулеріміз бойынша елімізде бір жыл ішінде 1000-нан астам журналист 34 жоғары оқу орнын бітіреді. Бірақ журналистика саласында қызмет ететін түлектер көрсеткіші 60%-ға жетпейді. Демек жоғары оқу орындарында оқу процесі әлі жетілдірілмеген, әлі де қиындықтар бар. КАЗГЮУ мықты университет болғандықтан, журналистика мамандығы дер кезінде ашылуда. Алдағы уақытта жаңа мамандыққа министрлік тарапынан қолдау көрсетуге әзірміз, - деп атап өтті Кемелбек Ойшыбаев.

KAZGUU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, жаңа білім беру бағдарламасының мақсаты – құқықтық және экономикалық салада, әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында терең білімі бар аналитик-журналист мамандар дайындау.

Қазақстанда аналитик-журналистерді дайындайтын болады

Аналитикалық журналистиканың болуы жалпы әлемдік үрдіс және уақыт талабы. Аталған білім бағдарламасын таңдаған студенттер құқық, экономика саласында кең білім алып, тиісті ақпаратты іздеу, талдау және іріктеу, факт-чекинг дағдыларын меңгеріп, журналистік зерттеулер жүргізетін болады, - деп қортындылады Талғат Нәрікбаев.

Өзгелердің жаңалығы