Қазақстанда 36 әскери кафедра бар – Қорғаныс министрлігі

5 Маусым 2021, 17:35
2585
Бөлісу:
Қазақстанда 36 әскери кафедра бар – Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Айбар Сабыртайұлы онлайн брифинг барысында студенттердің Әскери кафедраға қалай іріктелетіні жайында сөз қозғады.

Ол брифинг барысында Әскери кафераның студенттері қандай мамандықты меңгеріп шығатынын айтты.

Әскери кафедрада азаматтарды әскери дайындықтан өткізу, ол студенттердің кәсіби білім алып жатқан мамандықтары негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери оқытылған резервтер қалыптастыру мақсатында дайындалады, - дейді Айбар Сабыртайұлы.

Ол Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары құрылымдық бөлімшесінің тапсырмасы бойынша жүргізіледі.

Сабыртайұлы атап өткендей, бүгінгі таңда Қазақстанда 36 әскери кафедра бар.

Ол жоғарғы оқу орындарының жанында құрылған. Әскери кафедралар Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды және бүкіл біздің Қарулы Күштердің қажеттілігіне және басқа да, күштік құрылымдардың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Айбар Сабыртайұлы.

Айта кетейік, Әскери кафедраны аяқтағандар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 13-бабы бойынша запастағы «лейтенант» және «кіші сержант» әскери атағын алады.

Өзгелердің жаңалығы