Қазақстан жастары Түркі кеңесі жас көшбасшыларының форумына қатысты

2 Қыркүйек 2021, 23:12
6711
Бөлісу:
Қазақстан жастары Түркі кеңесі жас көшбасшыларының форумына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз Республикасының Ош қаласында Түркі кеңесі жас көшбасшыларының үшінші форумы өтті.

Форум жұмысына Түркі кеңесі хатшылығының, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің басшылығы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан елдерінің делегациялары қатысты.

Қазақстандық делегацияның атынан ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің жастар саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Талант Оңғаров, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, «Ұлан-Ғайыр дала елі» РҚБ басшысы Валихан Бахретдинов қатысты.

Форум қорытындысы бойынша Түркі кеңесі елдері арасындағы жастар саясаты және Жастар бастамаларын қолдау саласындағы одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен өзара іс-қимыл туралы қарар қабылданды.

Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі (Түркі кеңесі) Түркітілдес мемлекеттер (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Өзбекстан) арасындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдем көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы құрылған халықаралық ұйым болып табылады. 2018 жылдан бастап Венгрия бақылаушы мәртебесіне ие.

Өзгелердің жаңалығы