Қазақстан-Түрікменстан СІМ басшылары 2021 жылға бірлескен жұмыс жоспарын талқылады

19 Желтоқсан 2020, 16:49
1248
Бөлісу:
Қазақстан-Түрікменстан СІМ басшылары 2021 жылға бірлескен жұмыс жоспарын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар Нұр-Сұлтан мен Ашхабадтың көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген өзара ниетін растады, - делінген хабарламада.

Оған қоса халықаралық және өңірлік ұйымдардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Министрлер алдағы 2021 жылға бірлескен жұмыстың жоспары мен перспективаларын белгіледі.


Өзгелердің жаңалығы