Қазақстан теннистен әйелдер арасында ауқымды халықаралық турнир ұйымдастырады

26 Тамыз 2021, 14:24
6786
Бөлісу:
Қазақстан теннистен әйелдер арасында ауқымды халықаралық турнир ұйымдастырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ірі жарысы өтеді. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады. 

2021 жылдың 26 ​​қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында әлемнің әйелдер арасындағы теннис жұлдыздары жарыстың бас жүлдесі мен 250 рейтингтік ұпай үшін таласады. Спорттық шара әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіледі.

Бұл ауқымды шара болмақ. Екі апта бойы әлем теннисінің назары Қазақстанға ауады, өйткені алдымен ерлер арасында ATP 250 турнирі өтеді, содан кейін бірден әйелдер WTA 250 басталады. Біз әлем теннисшілері мен жанкүйерлерін ұмытылмас жақсы әсерге бөлеу үшін бар күшімізді саламыз, - деді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында. 

Айта кетейік, әйелдер арасындағы турнирдің негізгі кезеңіне Қазақстан құрамасының барлық көшбасшысы қатысады.

ATP 250 және WTA 250 басталмас бұрын Нұр-Сұлтанда Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар негізгі кезеңге wild card алады, ал финалистер іріктеу ойынына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы